Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Мектебіміздің мақтанышы — республикалық байқау жеңімпазы!

Мектебіміздің мақтанышы — республикалық байқау жеңімпазы!

Мектебіміздің мақтанышы — республикалық байқау жеңімпазы!

Мектебіміздің абыройын асқақтатып, білім биігінен көрінген шәкіртімізді мақтанышпен таныстырамыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында өткен «ҮЗДІК ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ» республикалық байқауында мектебіміздің оқушысы Абен Бейбарыс Мұратұлы топ жарып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бейбарыс өзінің дарындылығы мен көшбасшылық қабілетін дәлелдеп, арнайы төсбелгі мен статуэткаға ие болды. Бұл — қажырлы еңбек пен білімге деген құштарлықтың жемісі.

Шәкіртімізді осынау жеңіске жетелеген ұстазы, білікті маман Балтабаева Шынарды да жоғары жетістігімен құттықтаймыз! Шынар Ербулатовна шәкіртімен бірге жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының І дәрежелі дипломымен марапатталды.

Сондай-ақ, ұлының білімін шыңдап, қолдау көрсеткен ата-анасы Жақыпбеков Мурат пен Сапарбекова Айнұр мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.

Бейбарысқа болашақта Еліміздің дамуына үлес қосатын біртуар тұлға болуын тілейміз! Мектебіміздің мерейі үстем болсын! 🇰🇿🎓

#МектепМақтанышы #ҮздікДарындыОқушы #БілімОркениеті #ДарындыҰрпақ #Астана2026 #Жеңіс

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2118532362240962&set=pcb.2118532515574280&__cft__[0]=AZaZyY-Knw-wkeYXq9q23XkUZGCP0bo_XHxQKGK7De9B1vNDgeP6bs-2qLgMeyuZF_jOrrU2hSqhn3U3YBL2sR_keIQRRO9NafjO7IRJ3J-sQFNyghxcqjnx0ulKOxMxxg8d7qXRBhFlCZ_P138OflmTcjIQb7q_zw9pI96Frm-rYQ&__tn__=*b2H-R