Мазмұнды демалыс – пайдалы тәжірибе
Оқушылардың демалыс уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізу мақсатында үйірме жетекшілері оқушылармен бірге танымдық саяхат ұйымдастырды. Бұл шара оқушылардың рухани дамуына, дүниетанымының кеңеюіне бағытталды.
Саяхат барысында оқушылар тарихи-танымдық, киелі жерлерді аралап, туған өлкенің тарихымен танысты. Қасиетті мекендердің әрбірі балаларға ерекше әсер қалдырып, ата-бабамыздың бай мұрасы мен ел тарихының тереңдігін сезінуге мүмкіндік берді. Мұндай сапарлар оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
Сонымен қатар, оқушылар бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында кинотеатрға барып, тағылымды кино тамашалады. Бұл олардың демалысын көңілді әрі есте қаларлықтай өткізулеріне мүмкіндік берді.
Дебат үйірмесінің жетекшісі Э.Алтаева және қосымша білім беру педагогы Ғ.Жүсіпбаевтың жетекшілігімен ұйымдастырылып, оқушылар тарихи-танымдық орындарға саяхат жасап, киноға барды.





