"Отырар жалпы білім беретін мектеп" кмм "Жұмысшы мамандықтар" жылына орай кәсіби бағдар беруші педагог Ж.Абуова мен ұйымдастырушы педагог Г.Әлімбекованың ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында "Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңды таңдап ал" кәсіби бағдар беру сабағы өтілді. Мақсаты: Оқушыларды мамандық таңдау туралы түсінікпен таныстыру. Мамандық иелерінің сипаттамалары, олардың құрал-жабдықтары туралы мәлімет беру. Еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу, олардың зейінін, ұжымда жұмыс істей білуін дамыту. Іс-шарада мамандықтар туралы, солардың құрал-жабдықтары туралы мәлімет берілді. Оқушыларға кеспе қағаздар арқылы кәсіп иелерінің құрал-жабдықтарын тауып, Wordwall программасы арқылы жұмбақтар берілді. Оқушылар мамандықтар туралы білімдерін арттырып, өздерінің болашақ мамандықтары туралы өзіндік ой-пікірлерін айтты. Іс-шарада балалардың кәсіп иелері туралы мағлұматтар ала білді, олардың болашақта арман-мақсаттары орындала берсін.
Жаңалықтар
