Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Мақал – сөздің мәйегі»

«Мақал – сөздің мәйегі»

" Жібек жолы" бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушылары арасында «Мақал – сөздің мәйегі» атты көңілді үзіліс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мақал-мәтелдер арқылы ойлау қабілетін жетілдіру.

Кеспе қағаздар арқылы мақалдар жасырылып, оқушылар олардың жалғасын тапты. Сонымен қатар Wordwall бағдарламасы арқылы мақал-мәтелге байланысты қызықты жұмбақтар орындалды.

Көңілді үзіліс әсерлі де танымды өтті, оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетті. 🌟👏

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2003678633726336&set=pcb.2003678720392994&__cft__[0]=AZU9xgVvTBBFtpeQON5dVLm2pn68dnsNjbMin1ZpBF9LIfvIi8z8WzKchNPywPU_vSkc8LSjD-paXZZq593JrhWliSqzFONkULThYtRzaCNC_ARBADHt-43UjuKG9VqNy_8ntvso_awhLefctm1AJmYmhhoasQPh9jBkt9fF1XXb-Q&__tn__=*b0H-R