Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"

"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"

"Отырар жалпы білім беретін мектеп" КММ -нің кітапханашысы Х.Жылқыбаева мен педагог- ұйымдастырушы, тәлімгердің ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты әдеби кеші өткізілді. Мақсаты: ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты поэзияны сүюге, құрметтеуге баулу, ақынның мұрасын жаңғыртып, оны дәріптеу. Осыған орай кеште ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, әндерін айту, ақын өмірінен көріністер көрсетілді. Кешке 6 - 10 сынып оқушылары қатысты. Ақынның "Ей, өмір", "Еңсем менің", "Бақыт деген не өзі?", "Ақққулар ұйықтағанда", "Поэзия", "Қараөлең", "Отан", "Үш бақытым", "Түн маған ұйықтау үшін жаралған", "Пай, пай, киелі неткен өмір!", "Туған елім", "Әйелдер-ай", "Шеше, сен бақыттысың" атты өлеңдері, "Бақыт деген", "Сарыжайлау" әндері орындалып, "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын мүдірмей айтып шықты. Мектеп кітапханашысы Х.Жылқыбаева апай М.Мақатаевтың кешіне арнап "Жырлайды жүрек" атты кітап көрмесін ұсынды. "Ғасыр ақыны" атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан - ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали - мәңгілік өмір!

112233