Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
 «Ұлт тарихы – ұрпаққа аманат»

«Ұлт тарихы – ұрпаққа аманат»

🇰🇿 «Отырар» жалпы білім беретін мектебінде «Жібек жолы» пән әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлт тарихы – ұрпаққа аманат» атты айлықтың ашылу салтанаты өтті.

Бұл айлықтың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, ел тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Тарих – халықтың жүріп өткен жолы, елдің тағдыры мен болмысының айғағы. Сол тарихты қадірлеу – ұлт болашағына деген жауапкершілік.

Айлық барысында түрлі танымдық іс-шаралар, сынып сағаттары, пікірталастар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылардың білім көкжиегін кеңейту көзделіп отыр.

Осындай игі шаралар арқылы ұлттық тарихымызды қастерлеп, келешек ұрпаққа аманат ету – әр ұстаздың азаматтық борышы. 🌿

#ОтырарЖББМ #ЖібекЖолыБірлестігі #ҰлтТарихыҰрпаққаАманат

цычс шоль

 

фывапро