10 қараша мен 28 қараша аралығында «Отырар жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Lesson Study тәсілі негізінде зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды. Lesson Study жұмысының тақырыбы – «Оқыту мен оқуда топтық жұмысты қолдануды дағдыландыра отырып, білім сапасын арттыру».
«Отырар жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 7-сыныпта білімінде олқылықтары бар білім алушылармен жүйелі жұмыс жүргізу, сондай-ақ сапа көрсеткіші төмен пәндерді анықтау және оларға түзету жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды.
Зерттеу жұмысының жалпы мақсаты – бірлескен жұмыс арқылы оқушының білім сапасын арттырып, оның пәндік білік-дағдысын дамытатын тиімді сабақ үлгісін жоспарлау. Зерттеудің нақты мақсаты – оқушы әрекетін бақылау арқылы сыни тұрғысынан ойлаудың және бірлескен жұмыстың білім сапасына әсерін анықтау. Зерттеу жұмысына 7-сынып алынды.
Алғашқы кезеңде 7-сыныптағы жалпы оқу үлгерімі мен пәндер бойынша сапа деңгейі талданды. Диагностика нәтижесінде оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтары бар оқушылар және сапа көрсеткіші төмен пәндер айқындалды. Аталған оқушылармен жеке жұмыс жоспары түзілді. Білімінде олқылығы бар білім алушылардың тәрбиелік динамикасының өсуі жүйелі түрде қадағаланды, олардың оқу мотивациясы, сабаққа қатысуы және тәртіп көрсеткіштері ай сайын бақылауға алынды.Зерттеу жұмысының келесі кезеңінде «LESSON STUDY» әдістемесі енгізілді. 10.11–28.11.2025 ж. аралығында өткізілген Lesson Study цикліне Досан Ө., Тажиева Г., Төртбаева М., Битуова Э., Ізбасарова А., Кәдірбек Б., Мыңбай Ш., Балтабаева Ш., Лайықова Ә. атсалысты.
Lesson Study бойынша әдістемелік тренингті педагог-зерттеуші Сағындықова Зиягүл жүргізді. Тренинг барысында мұғалімдер А, В, С деңгейіндегі оқушыларды анықтау, сабақ барысында бақылау әдістерін қолдану, бірлескен жұмыс арқылы оқыту тиімділігін арттыру жолдарын меңгерді.Мұғалімдердің айтуынша, зерттеу циклі барысында білім сапасы алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6–15% шамасында жақсарды.
Lesson Study аясында мұғалімдер тәжірибе алмасты, өзара сабаққа қатысып, бірін-бірі бақылап, кәсіби талдау жүргізді. Бұл тәсіл мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін, топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:
– Топтық жұмысты барлық пәндерде жүйелі түрде қолдану;
– Сыни ойлауға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалардың санын арттыру;
– Lesson Study тәжірибесін жыл сайын бірнеше рет қайталап отыру;
– Топтық бағалау, өзін-өзі және өзара бағалау түрлерін кеңінен енгізу;
– Фокус-топтағы оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жалғастыру.
Зерттеу жұмысын басқарған топ басшылары: Ш.Төлегенова ,
Б.Абишов .
7 сынып жетекшісі: Ш.Балтабаева





