Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
 «Әлемде мейірімділік бар ма?»

«Әлемде мейірімділік бар ма?»

Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде «Әлемде мейірімділік бар ма?» тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі пікірсайыс өтті. Дебат барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, мейірімділік ұғымының қоғамдағы, адам өміріндегі маңызы туралы түрлі көзқарастарын ортаға салды. Қатысушылар дәлелді пікір айтып, тың идеяларымен бөлісіп, ой ұшқырлығын көрсете білді.

Пікірсайысқа жетекшілік еткен дебат жетекшісі Э. Алтаева оқушылардың белсенділігіне жоғары баға беріп, мейірімділік – адамзаттың ең асыл қасиеті екенін атап өтті. Осындай танымдық іс-шаралар жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеуге үлкен үлес қосады.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2077286576365541&set=pcb.2077286739698858&__cft__[0]=AZaXIciM72fVdmbzjJuAhC2FwBO8I-xu0IZwnHn3A73LqfqdBhVR72B-WHGUgK_OkU0JcYLN8UzEgNybJ-VyAxKo6ZFVb80vr0R-33svkyo71oGNF0Kvx8kCv98KQeNYw9NDZ4lUi6M0Xnzoof4eJDsKCcWkl2PuhYvPg_R-1MNSSegTaIrKWXlu65bFEbUN18I&__tn__=*b0H-R