Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
KITAPXAN кітап оқу сайысының ІІ айналымы ұйымдастырылды

KITAPXAN кітап оқу сайысының ІІ айналымы ұйымдастырылды

Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында мұғалімдер арасында «Оқитын ұстаз – ұлт болашағы» жобасы аясында KITAPXAN кітап оқу сайысының ІІ айналымы ұйымдастырылды.

Сайысты кітапханашы Момбекова Фариза және директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Әсілбек Сәрсенбек ұйымдастырды.

Жобаға 5 мұғалім қатысып, қазақ әдебиетінің көрнекті жазушыларының шығармаларын оқып, мазмұнды талдау жасап, өз пікірлері мен ой-тұжырымдарын ортаға салды. Атап айтқанда, қатысушылар

1.Қалмырзаева С Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне»,

2. Әймен Н Дулат Исабековтың «Сүйекші»,

3. Отарбай А Сайын Мұратбековтың"Жусан исі"

4. Әуелбекова А Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманай»,

5. Шырынбеков С Бейімбет Майлин "Шұғаның белгісі" шығармаларын талқылады.

Сайыс барысында мұғалімдер көркем шығармаларды терең түсініп, әдеби талдау жасау, сөйлеу мәдениеті мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Шара мазмұнды әрі тағылымды өтіп, ұстаздардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Сайыс қорытындысы бойынша:

І орын – С. Қалмырзаева (келесі айналымға жолдама алды);

ІІ орын – Н. Әймен;

ІІІ орын – А. Отарбай.

Қатысушыларға алғыс білдіріліп, жеңімпаздарға құттықтау айтылды. Жобаның келесі кезеңдеріне сәттілік тілейміз.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2107662396661292&set=pcb.2107662766661255&__cft__[0]=AZZM1xYfRDWs2K9T0gNNsyNAseMWcUvFJs67yyb1mznpBTV0L_RLoyZQZoreFRFLFAwEaj6kcBkXUFoRFfyGY3RQlRhoTxvM1RXNvXa_JFe3OIiVi7Yv1TmRbwgBpBv5IyXxq7Y_oQ_ujcEysxQO4NgcMfk_s9CGvQ7wm74ePpkiRvv1lUJBsGT7A6zKflZAn_I&__tn__=*b2H-R