"Отырар жалпы білім беретін мектеп" кмм мектеп кітапханасында "2 сәуір Халықаралық балалар кітабы" күніне орай "Кітап-ғажайып әлем атты мерекелік іс-шарасы өтілді. Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар-ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу. Іс-шара бастауыш сынып оқушылары қатысты. Бастауыш сынып оқушылары Ы.Алтынсариннің "Таза бұлақ" әңгімесі, "Түлкі мен тырна" ертегісі, "Ақсақ киік" ертегісі, "Алпамыс батыр" жыры, "Басқа пәле тілден" әңгімесі, "Жыл басы" ертегісі, "Алтын балта" ертегісі, "Бір үзім нан" ертегісі сынды шығармаларды мазмұнын көркем тілде айта білді. Кітапханашы апай оқырман балаларға алғыстарын айтты. Кітап адамның ойын дамытады, бейнелі ойлауға дағдыландырады. Бұл ғылыми түрде дәлелденген. Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл терең білуге, Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге деген Абай атамыздың сөзімен іс-шараны аяқтады. Оқырмандарымыз көбейе берсін!