Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
"Киелі Отырарды сақтап қалу - ұлттық міндет"

"Киелі Отырарды сақтап қалу - ұлттық міндет"

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойына арнап "Отырар жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханашысы Ф.Момбекова мен "Тіл дамыту" үйірме жетекшісі Г.Макулбекованың ұйымдастыруымен "Киелі Отырарды сақтап қалу - ұлттық міндет" тақырыбында 5-8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтілді. Мақсаты: Отырарды танып білу,оны қорғау,және болашағына үлес қосу. Туған жерді қорғауға, бағалауға тәрбиелеу. Отырар ауданының 90 жылдығына "Құт мекенім киелі Отырарым" атты кітап көрмесі жасалды. Дөңгелек үстелде "Киелі Отырар" көрінісі қойылды және Отырар ауданынан шыққан ақын жазушылардың өлеңдері жатқа мәнерлеп оқылды."Біз Отырарды қалай сақтай аламыз?" атты пікірталас арқылы оқушылар Отырарды сақтау-тарихқа құрмет, елге қызмет ету керек деп өз ойларын еркін жеткізе білді.Іс-шараға тарих пәнінің мұғалімі Маябас Нұрсәуле апай Жүсіпбаев Ғабит ағай қатысып, оқушыларға тарихты ұмытпау керек,екенін түсіндірді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2010126619748204&set=pcb.2010129626414570&__cft__[0]=AZUh8k8cPgVbF7zo89XwMlVf-0Ly5hQaZDvz-QTiiLFS-4kMDG5vH4Di2FZw3NCFJKXve615YxVoxSv6-o0DGxDa957qOtccC94kSXAPOaRWR8PVd4ibTduoE5pu9nHkTiCG1addAdRNQMZwLD95vge_w30aCn6anzsQAzD9e3LWeg&__tn__=*b0H-R