Отырар жалпы білім беретін мектепте "Жібек жолы" ПӘБ айлық іс-шарасына сай кәсіби бағдар беруші педагог Ж. Абуова, педагог-логопед Л. Қалмырзаева, педагог-психолог Б. Абдрахимовтардың ұйымдастыруымен "Қызық екен" интеллектуалдық сайысы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Сайысқа 11 сынып оқушылары қатысты. Екі топқа бөлініп, түрлі тақырыпта сұрақтар берілді. Сұрақтардың жауабы бейнебаян арқылы көрсетілді. Сайыс өте қызықты болды.