«Кәсіптер әлемі» көңілді үзілісі
Отырар жалпы білім беретін мектепте Жібек жолы бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес, кәсіби бағдар беруші педагог Ж. Абуованың ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларымен «Кәсіптер әлемі» атты көңілді үзіліс өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру, еңбек адамдарына құрмет сезімін қалыптастыру, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
Іс-шара барысында Wordwall бағдарламасы арқылы әртүрлі кәсіп иелері мен олардың құрал-жабдықтарына байланысты қызықты жұмбақтар мен сұрақтар ұсынылды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ой-өрістерін кеңейтіп, мамандықтар туралы білімдерін толықтырды.
Іс-шара тартымды мазмұнымен ерекшеленіп, оқушылардың қызығушылығын арттырды және олардың болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға ықпал етті.
#Отырармектебі #ЖібекЖолыБірлестігі #КәсіптерӘлемі #КәсібиБағдар #КөңілдіҮзіліс #Wordwall





