Павлодар облысында өткен «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар» атты республикалық білім беру интенсивіне еліміздің әр өңірінен келген жас көшбасшылар қатысты.
Аталған білім алаңында Түркістан облысының намысын қорғаған Отырар ауданындағы «Отырар» жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, мектеп президенті Әшірбай Раян жоғары белсенділік танытып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Интенсив барысында қатысушылар көшбасшылық қабілеттерін дамытып, түрлі тренингтер мен тәжірибе алмасу алаңдарында өз идеяларын ортаға салды.
Интенсив қорытындысы бойынша арнайы сертификатпен марапатталды.
Жетекшісі: Аға тәлімгер Ф.Төлеген.
Осындай білімді, белсенді әрі жалынды жастар – еліміздің жарқын болашағының кепілі!
#ЖасКөшбасшылар #Көшбасшылық #Павлодар2026 #ӨзінӨзіБасқару #ОтырарМектебі #ЖастарБолашағы





