Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Күш атасын танымас»

«Күш атасын танымас»

«Күш атасын танымас» дегендей біздің «Отырар» жалпы білім беретін мектебінің палуан ұстаздары +100 кг салмақтағы Төреқұлов Асқар, 90 кг салмақта Насурлла Айбек, 60 кг салмақта Уалихан Бекжан сынды әріптестеріміз көш басынан көрініп 1 орынды иеленіп, жеңістің биігіне шыға білді. «Түйе палуандар» сынында «Отырар» жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Төреқұлов Асқар екінші орынды иеленді. Жүлделі орын алған палуандарға медаль мен диплом берілді. Осындай қуанышты жаңалықтарды мектеп ұжымы палуан әріптестерімізді қуанышпен қошеметпен қарсы алды. Барша әріптестермен бірге мектеп басшысы Ж.Оспанов ұстаз палуандарды Дипломмен марапаттап құттықтады. Сонымен бірге «Білім саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игіліктері істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін» Төлегенова Шамшат Кәдірбекқызы Түркістан облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Возможно, это изображение 5 человек и текст

Все реакции:

31Вы, Қанат Уәлиханов, Шолпан Болысбекқызы и ещё 28