“Қош келдің, Жаңа жыл!”
Жаңа жыл – әр баланың жүрегіне шаттық пен қуаныш сыйлайтын, сиқырға толы ерекше мереке. Осыған орай мектебімізде 1–4 сынып оқушылары мен мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілеріне арналған “Қош келдің, Жаңа жыл” мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылып, мазмұнды да көңілді өтті.
Мерекелік кеш барысында оқушылар тақпақтар оқып, ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті. Әсем безендірілген шырша, Аяз ата мен Ақшақардың келуі балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің ажарын аша түсті.
Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – үздік оқушыларды марапаттау рәсімі болды. Мектеп директоры К.Асилбеков оқу озаттары мен белсенді оқушыларды арнайы марапаттап, балаларға ізгі тілегін білдірді. Бұл – жас жеткіншектердің білімге деген қызығушылығын арттырып, жаңа жетістіктерге жетелеудің айқын көрінісі.
Осындай тәрбиелік мәні зор мерекелік шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың бойына достық, ынтымақ пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастырады.
Ұйымдастырушыларға, ұстаздар қауымына және кішкентай бүлдіршіндерімізге қолдау көрсеткен ата-аналарға алғысымыз шексіз!
Жаңа жыл баршаңызға береке, бірлік, мол табыс пен жарқын болашақ әкелсін!





