Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық олимпиада

Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық олимпиада

9–11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болды. Бұл – шәкірттердің білімге деген құштарлығы мен ұстаздарының тынымсыз еңбегінің жарқын көрінісі.

Аталған білім бәйгесінде:

🥇 І орын – Әшірбай Райян

Жетекшісі: Додабай Гүлдаухар

Облыстық кезеңге жолдама алды.

🥈 ІІ орын – Сәбит Лаура

Жетекшісі: Мыңбай Шолпан

🥉 ІІІ орын – Сұлтанбай Қайсар

Жетекшісі: Карбозова Гүлмира

Олимпиада – оқушылардың білім деңгейін ғана емес, олардың шығармашылық қабілетін, ойлау жүйесін, тіл мәдениетін шыңдайтын маңызды алаң. Осындай білім додасында топ жарып, үздік нәтиже көрсету – үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі екені сөзсіз.

Әшірбай Райянды облыстық кезеңге жолдама алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы додада да сәттілік серік болып, жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!

Барлық жеңімпаз оқушыларымыз бен олардың жетекшілеріне зор алғысымызды білдіреміз! Мектебіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтата беріңіздер!

Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2130498004377731&set=pcb.2130498147711050&__cft__[0]=AZZbl6ATITgh90iPIIkdGMYO7AnQHqLRGH23s0P7v7-_-Hfp7ryxD7St4G5XgYCH2rPsVN_Devp14ZhKCnufPz7vyuEuYXKDqV5Bijn0E46SipX9jOpBnAyIyRKf49kNkBcVp4RNyyOLOWrz9-tflDrv6Zx8rLUOXkpRBKmxoSqfPbtm4oF2Qoc2vFuUGzPAXT0&__tn__=*b0H-R