Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстарын жүргізу»

«Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстарын жүргізу»

"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде" КММ 8 - 11 сыныптар арасында «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстарын жүргізу» іс-шарасы аясында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, әлімжеттіктің, ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Мерей Сержан Сержанұлы келіп ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Мерей Сержан Сержанұлы қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде мектептерге, колледждерге, жалпы оқу орындарына барып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізілетіндігін айтты. Оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00-де ойын сауықтар мекемелерінде отыруы, сондай ақ түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруге болмайды. Түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріледі, сосын айыппұл салынады, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынады. Есепке алу кезінде де балалардың үйіне 3-4 рет барып тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында болып жатқан қылмыс түрлері: зорлық-зомбылық көрсету, ұялы телефондарды және басқа да заттарды ұрлау, басқаларға әлімжеттік көрсету туралы айтты. Отырар АПБ-і, ЖПҚ-нің ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Мерей Сержан Сержанұлы жасы кәмелетке толмағандарға қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің баптары және оларға қатысты жауапкершілік туралы айтып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жеңісбек Абишов келген қонақтарға алғыс білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасап, оқушылар мәселесін шешуге атсалысатындықтарына сенім білдіріп, жиналысты қорытындылады.

ммммм вввввв вввввв ыыыыы