ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ӘЛІМЖЕТТІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!
2025 жылдың 11 қараша күні Отырар жалпы білім беретін мектеп мекемесінде «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында «Құқықтық тәрбие – құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 5–11-сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесуге Отырар аудандық полиция бөлімінің мектеп ,Отырар АПБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Мерей Сержан, Отырар АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры Б Исаев қатысып, оқушылармен құқықтық мәдениет, жеке қауіпсіздік, сондай-ақ әлімжеттік пен буллингтің алдын алу тақырыптарында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абишов Жеңісбек жиналысты ашып, оқушыларды құқық бұзушылықтан сақтануға, тәртіп пен өзара сыйластықты сақтауға шақырды.
Кездесу барысында инспектор мопед пен мотоцикл айдаудың қауіптілігі, түнгі уақытта жүру ережелері, құқық бұзушылықтың салдары, сондай-ақ әлімжеттікке жол бермеу және достық, сыйластық қарым-қатынас орнатудың маңызы туралы кеңінен айтты.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, өзекті сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.





