«Отырар жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2025 жылдың 30 қыркүйек күні «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 7–11 сынып оқушыларына арналған жалпы жиналыс өтті.
Іс-шараға Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция подполковнигі Меңлібаев Талғат, Отырар АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры Б.Исаев, Отырар АПБ КПБ жедел уәкілі Е.Әметхан, мектеп директоры К.Асилбеков, пән мұғалімдері мен 7–11 сынып оқушылары қатысты.
Жиналыс барысында жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың, құқық бұзушылықтың, жол қауіпсіздігінің бұзылуының, интернет алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ оқшылар мектепке мопед, скутермен келуге тыйым салынатынын, заң бойынша кәмелетке толмағандарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат етілмейтіні туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.