Көңілді үзіліс – пайдалы уақыт!
Мектеп кітапханашысы Ф.Момбекова мен тәлімгер Ф.Төлегеннің ұйымдастыруымен "Оқитын сынып" оқушылары арасында "Өзіңе ұнағанды ал" тақырыбында көңілді үзіліс өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар кітап әлеміне саяхат жасап, өздеріне қызықты, жүрекке жақын кітаптарды таңдап алды. Балалар еркін форматта пікір алмасып, сүйікті кейіпкерлері туралы ой бөлісті. Бұл үзіліс олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, бос уақытты тиімді әрі мазмұнды өткізуге үлкен мүмкіндік берді.
Кітап — білімнің кілті, ал оқуға құштар бала — жарқын болашақтың иесі!
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.





