Отырар жалпы білім беретін мектепте кітапханашы Х. Жылқыбаева апайдың ұйымдастыруымен Қ. Мырза Әлінің 90 жылдығына орай "Қазақтың дана Қадыры" атты әдеби- сазды кеш өткізілді. Кештің мақсаты: оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармалары туралы мәліметтер беру, ақынның адамгершілік қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру, ақын өлеңдерінің, қанатты сөздерінің мән-мағынасын ұғындыру. Кешке 6 - 9 сынып оқушылары қатысты. Ақынның "Ана", "Ағасы мен інісі", "Ана тілің арың бұл", "Көктем"," "Өз үйім" өлеңдері және "Қазақ осы" әні шырқалды. Қадыр Мырза Әлінің өлеңдері халық жүрегінен орын алып мәңгілік шырқала берсін.
Жаңалықтар
