Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарын насихаттау

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарын насихаттау

2026 жылғы 5 ақпан күнгі Дүниежүзілік сайлау күніне арналған Отырар аудандық, аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарының негізінде Түркістан облысы, Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Отырар" жалпы білім беретін мектеп КММ және Қарғалы ауыл округі, учаскелік сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, 2026 жылдың 30 қаңтар күні №509 учаскелік сайлау комиссия құрамының хатшысы Б.Абишев мектеп ұжымымен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарын насихаттауға арналған жиын отырысын өткізді.

Шараның мақсаты - ұжымға, оқушыларға конституциялық заңнын талаптарын, құқықтарын түсіндіру және Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін ұғындыру.

Жиында құнды пікірлер мен сұрақтардың орынды жауабын ортаға салып, өз пікірлерін еркін жеткізді.

Комиссия құрамының хатшысы Б. Абишев мектеп ұжымымен оқушыларға сенім артып, еліміздің болашағын ойлайтын болсақ, өзімізден бастау алатынын, заңның жауапкершілігін жоғары қоятын азаматтарымыздың бар екеніне сенім білдірді. Қазақстан Республикасының конституциясына сай әр азамат сайлауға қатысуға, дауыс беруге құқылы.

https://www.facebook.com/reel/1972419136672862