Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
“Қауіпсіз балалық шақ үшін” тақырыбында жиналыс өткізілді

“Қауіпсіз балалық шақ үшін” тақырыбында жиналыс өткізілді

Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты"Отырар

жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Отырар ауданының прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, 25.04.2025 жылы 7-11сынып оқушыларымен

“Қауіпсіз балалық шақ үшін” тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналыста мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абишов Жеңісбек ағай 2024-2025 оқу жылында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.Балаларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері ,жол және өмір қауіпсіздік ережелері, ерте жүктіліктің, аутодеструктивті мінез -құлықтың алдын-алу, интернет желісіндегі қауіпсіздік, діни деструктивті бағыттағы сайттардың қауіптілігі, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау туралы жан -жақты түсінік жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры Оспанов Жанболат ағай мектеп бітіруші түлектерге 25 мамыр қарсаңында автошеруге ,ақша жинауға , кафелерде, көшеде түнгі беймезгіл уақыттарда жүруге болмайтындығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді .

#Біртұтас_тәрбие

#Meruert_Medetbekova

#Анар_Тәңірбергенова