«Отырар жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Отырар аудандық білім бөлімінің 23 желтоқсан 2024 жылғы №41-10/296 хатына сәйкес жасөсіпірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында, оқушыларға кафе, тойханаларда, ата–анасынан тыс жерлереде /заңды өкілінсіз/ жаңа жылдық кешке арналған қымбат киім, сәнді шашпен, жаңа жылдық кештерді ұйымдастыруға және өткізуге тиым салынғандығы туралы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, суицид пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, әлімжеттік іс-әрекетінің профилактикасы және мектеп оқушыларының қысқы маусым кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу, әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алу аясында 7-11 сыныптар арасында «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» тақырыбында жиын болып өтті.
Жиынға қатысушылар 7-11 сынып оқушылары - 169 және сынып жетекшілері - 9, тәлімгер, әлеуметтік педагог, психологтар , ұйымдастырушы педагог, Ж.Оспанов-директор және Отырар АПБ ЖПК УПИ полиция капитаны Р.Ниязбекұлы қатысты.
Мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Ж.Абишов сөз алып оқушыларға кафе, тойханаларда, ата–анасынан тыс жерлерде /заңды өкілінсіз/ жаңа жылдық кешке арналған қымбат киім, сәнді шашпен, жаңа жылдық кештерді ұйымдастыруға және өткізуге тиым салынғандығы туралы және кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша және есірткі мен нашақорлыққа әуестенбеу, ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің, суицидтің алдын алу бойынша«Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды» атты баяндамаоқыды. Оқушылардың сабақтан кешікпеуін, себепсіз сабақтан қалмауын, мектеп формасының қатаң сақталуын талап етті. Сонымен қатар қысқы маусым кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірме айтып өтті.
Мектеп психологы Б.Абдрахимов буллинг және кибербуллингтің алдын бойынша түсіндірме айтып өтті.
Мектеп директоры Ж.Оспанов сабақ уақытында мектептің ішкі тәртібіне бағынып, мектеп ережесін қатаң сақтау керек екендігін, кешкілік сағат 10.00-ден кейін көшеге шықпау, ойын-сауық орындарына бармау керектігін, автокөлік, мотороллерді жүргізбеуін қатаң ескертіп өтті.
Сонымен қатар, Отырар АПБ ЖПК УПИ полиция капитаны Р.Ниязбекұлы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін атап өтті. Мектептің ішкі ережесін жиі бұзатын, кешкілік көшеге жиі шығатын оқушыларды «Тәрбиеге қиындық келтіретін» оқушы ретінде мектепішілік және АІІБ-не есепке алынатындығын ескертті. Оқушылардың қауіпсіздігі туралы, жоғары сынып оқушыларының кәмелетке толмауына байланысты автокөлік жүргізуге болмайтынын ескертті.