Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
 "Қауіпсіз балалық шақ"

"Қауіпсіз балалық шақ"

📢 "Қауіпсіз балалық шақ"

"Отырар" жалпы білім беретін мектебімізде 25.09.2025ж күні «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында мазмұнды жиын өтті. Іс-шараны ДТІЖО м у а С.Әсілбек пен мектеп тәлімгері ұйымдастырып, 5-10 сынып оқушыларына күнделікті өмірде қауіпсіздікті сақтау, өз денсаулығы мен өмірін қорғаудың маңызын кеңінен түсіндірді.

Жиын барысында балаларға жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, су айдындарындағы сақтық шаралары, интернеттегі қауіпсіздік сияқты өзекті тақырыптар бойынша пайдалы мәліметтер берілді. Сонымен қатар оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар, пікір алмасу сәттері ұйымдастырылып, әр бала өз ойын ортаға салып, белсенділік танытты.

Бұл шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, әртүрлі төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға баулу.

🌟 Қауіпсіздік – әр баланың бақытты болашағының кепілі!

фото8796464 фото8796464897