Отырар жалпы білім беретін мектепте Наурыз мерекесіне орай "Наурызнама" онкүндігінің Қайырымдылық күнінде "Қамқор" жобасы аясында 5 а, ә сыныптардың жетекшілері З.Сағындықова, Ә.Лайықова және кәсіби бағдар беруші педагог Ж.Абуова, әлеуметтік педагог Ә.Байырбектің ұйымдастыруымен мектепте жәрмеңке өткізілді. "Қайырымдылық қайырлы іс" дегендей сынып жетекшілері мен оқушылар түскен қаражатқа көпбалалы Күләнда ана мен Зоя анамызға бір реттік азық-түлік берілді. Асыл аналарымыз ұстаздарға, балаларға алғысын жаудырды. Наурыз мерекесі құтты болсын, асыл аналарымыз ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра берсін.