Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
 «Қалыптастырушы және жиынтық бағалау – тиімді кері байланыстың негізі»

«Қалыптастырушы және жиынтық бағалау – тиімді кері байланыстың негізі»

19.03.2026 ж. күні «Отырар жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мазмұнды әрі әсерлі коучинг сабақ өткізілді.

Тақырыбы: «Қалыптастырушы және жиынтық бағалау – тиімді кері байланыстың негізі»

Коучингті физика пәні мұғалімі Избасарова Алия Тыныштыққызы мен математика пәні мұғалімі Уалиханова Забира жоғары деңгейде ұйымдастырып, кәсіби шеберліктерін көрсете білді.

Сабақ барысында бағалаудың тиімді тәсілдері ұсынылып, кері байланыстың маңыздылығы тереңінен ашылды. Қатысушы мұғалімдер белсенділік танытып, өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен толықты.

Коучинг барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, шабыт сыйлаған, кәсіби дамуға серпін берген маңызды алаң болды.

https://www.facebook.com/reel/925960933468149