Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Искусство звука» тақырыбында ашық сабақ

«Искусство звука» тақырыбында ашық сабақ

Мектебіміздің 2-тоқсан қорытындысы бойынша педкеңес барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Асылбеков Отырар аудандық білім бөлімінің «Мектептен-мектепке» жобасын қолдау мақсатында «Бірлестіктен-бірлестікке» жобасын қолға алуды ұсынған болатын. Жаңашыл бастаманы іске асыруды қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндерінің «Достық» бірлестігі бастап та кетті. Бүгін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.Сағындықова 5 «а» сыныпта «Искусство звука» тақырыбында ашық сабақ өткен болатын. Домбыра туралы аңыз негізінде ұйымдастырылған сабақта музыка пәнінің мұғалімі Б.Шөпшекбаева мен сынып қыздары бірлесіп күй тартса, тарих пәнінің мұғалімі К.Асылбеков сабақты домбыра туралы тарихи фактілермен интеграциялау арқылы оқушыларға тың мәліметтер ұсынды.

PHOTO 2025 02 12 15 44 55 1 PHOTO 2025 02 12 15 44 55 2 PHOTO 2025 02 12 15 44 55ььь PHOTO 2025 02 12 15 44 540000