Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
"Интернет алаяқтық» тақырыбында мұғалімдер арасында дәріс

"Интернет алаяқтық» тақырыбында мұғалімдер арасында дәріс

Отырар АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры Исаев Булат Серикович Отырар жалпы білім беретін мектебіне келіп, "Интернет алаяқтық» тақырыбында мұғалімдер арасында дәріс оқып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндіру барысында интернет алаяқтар қазіргі таңда Сіздің ұялы телефоныңызға қоңырау шалып, өзін банктердің менеджерімін не болмаса полиция ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырып, жалған қызметтік куәлік көрсетіп Сіздің банк картаңызға дәл қазір алаяқтар түсіп жатыр, соның алдын алу мақсатында хабарласып отырғанын айтып Сіздің сеніміңізге көріп банк картаңыздың құпия нөмерлерін Сіздің ЖСН нөмерлеріңізді алып, қауіпсіздік шараларын жасаймыз деп түрлі банктерден несиелер (кредиттер) рәсімдеп алып жатады. Осындай алаяқтық әрекеттерге жол бермеу үшін Сіздер ондай қоңыраулар түскен жағдайда ешқандай да өзіңізге қатысты мәліметтерді айтпай өзіңізге сақ болуыңыз қажет. Және де айта кететін жағдай әлеуметтік желілер арқылы инстаграмм және телеграмм желісі арқылы қаржы салсаңыз көбейтіп береміз деген чаттар арқылы өздері қаражаттар аударып, соңындаөздері аударған қаржыны не болмаса көбейтеміз деген қаржыны ала алмай арызданып жатады. Мына заманда ондай оңай олжаға ие боламын деген ойдан аулақ болып мұндай іс әрекет арқылы алданып қалмау қажеттігін ескертті.

Мектеп директоры Оспанов Жанболат ағай да сөз алып Құқық бұзушылық туралы айтып өтті. ҚР заңнамасына сәйкес 16 жасқа толмаған тұлғалардың 22:00 ден таңғы 06:00 дейін ересектердің қарауынсыз көшеде жүруіне тиым салынатыны ескертілді. Кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтық жауапкершілігі туралы, олардың алдын алу үшін ата – аналармен мектеп әкімшілігін бақылау шаралары туралы айтылды. Құқық бұзушылыққа итермелейтін факторлар жайында,ішімдік, темекі,электронды темекі талқыланды. Қауіпсіздік пен тәртіп сақтау туралы ережелер айтылды.