Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ибалылық пен ізеттілік – қызға тән қасиет» тақырыбында қыздар жиналысы өтті

Бүгін мектебімізде «Ибалылық пен ізеттілік – қызға тән қасиет» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналыс барысында қыз баланың бойындағы көркем мінез, әдептілік, инабаттылық сынды асыл қасиеттер кеңінен сөз болды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, тәрбиелік мәні зор әңгіме өрбіді.

Іс-шараны қыздар ұйымының жетекшісі Г. Төлімбетова мен тәлімгер Ф. Төлеген ұйымдастырып, қыздарға бағыт-бағдар беретін мазмұнды кездесу өткізді.

Мұндай тәрбиелік жиындар жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ибалы да ізетті қыз болып қалыптасуына ықпал етеді.