«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Отырар жалпы білім беретін мектебінде мазмұны терең, жаңашыл бағыттағы іс-шара ұйымдастырылып, айлықтың салтанатты ашылуы өтті. "Балдырған" пән әдіс бірлестігінің айлық іс - шарасы аясындағы алғашқы шара «Геймификация және оқу: бастауыш сыныптарда ЖИ форматындағы ойындар арқылы білім беру» тақырыбында өтті.
Іс-шараны бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Бұлдырықова Тәттігүл апай жоғары деңгейде ұйымдастырып, заманауи білім беру үрдісіндегі ойын технологиялары мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді ұштастыра білді.
Геймификация элементтері арқылы оқушылардың оқу процесіне деген қызығушылығы артып, белсенділігі мен шығармашылық қабілеті айқын көрінді. ЖИ форматындағы ойындар балалардың ойлау дағдыларын дамытып қана қоймай, адалдық, жауапкершілік, ынтымақтастық сияқты маңызды құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал етті.
Бұл шара – бастауыш білім берудегі жаңашылдықтың, ұстаз еңбегінің және оқушы қызығушылығының айқын көрінісі. Айлық аясында алдағы уақытта да мазмұнды, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жалғасын табады деп күтілуде.





