Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Ғажайып галактика» атты көңілді үзіліс

«Ғажайып галактика» атты көңілді үзіліс

«Ғажайып галактика» атты көңілді үзіліс

Білім алушылар үшін ұйымдастырылған «Ғажайып галактика» атты көңілді үзіліс қызықты әрі танымдық форматта өтті. Іс-шара барысында оқушылар «Адасқан әріптер» ойынында ғарышқа қатысты сөздерді тапса, пазл құрастыру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамытты және сәйкестендіру тапсырмаларын орындап, білімдерін бекітті.

Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Іс-шара соңында қатысушылар мақталып, тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Осындай әсерлі сәттер балалардың білімге деген қызығушылығын арттыра түседі!

 https://www.facebook.com/reel/1240863490725674