Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Гаджетсіз бір күн мүмкін бе?»

«Гаджетсіз бір күн мүмкін бе?»

Адал азамат – біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде дебат үйірме жетекшісі Э.Алтаева, тәлімгер Ф.Төлегеннің ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында «Гаджетсіз бір күн мүмкін бе?» тақырыбында тартымды пікірсайыс өтті.

Пікірсайыс барысында оқушылар Үкімет және Оппозиция топтарына бөлініп, өз көзқарастарын нақты дәлелдермен, өмірлік мысалдармен қорғады. Үкімет тобы гаджетсіз өмір сүрудің адамның денсаулығына, уақытты тиімді пайдалануына, отбасылық қарым-қатынастың нығаюына оң әсерін атап өтті. Ал Оппозиция тобы қазіргі қоғамда білім алу, байланыс жасау, ақпаратқа қол жеткізу үшін гаджеттердің маңыздылығын алға тартты.

Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлау, дәлел келтіру, қарсы сұрақ қою мәдениетін көрсете білді. Пікірсайыс өте жоғары деңгейде, тартысты әрі мазмұнды өтті.

Осындай тағылымды шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, жауапкершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

#АдалАзамат

#БіртұтасТәрбие

#Пікірсайыс

#ГаджетсізБірКүн

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2107627516664780&set=pcb.2107627803331418&__cft__[0]=AZaEgxNV1ub9JwmpoafWb2mWAZfCqwjuY5k2WtNktNgloyKk-wE3z64TIndY5YVOTYn4FbWVUbsOdPpf7v8Hf7tmdhIoBHkRE5H0iymxBGZ_tEdCMnja75q97inXn8xZXVrhDHAYBNRTGhhCZPTHNZSVLMtHtmhDlSgXFCs9NN-0OIACfZZ8_1SnRYrviN1ejus&__tn__=*b0H-R