«Достық» ПӘБ «Тіл – достықтың алтын көпірі» тақырыбындағы қазақ, орыс, ағылшын тілдері айлығы барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З.Сағындықова 8-сыныпта "Душа человека не знает покоя" тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды. Сабақ заманауи педагогикалық талаптарға сай, жоғары деңгейде өтті. Сабақтың квест (ізденіс) түрінде ұйымдастырылуы оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабақ бойы белсенділіктерін жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді.. Квест форматы оқушыларды ізденімпаздыққа баулыса, әдістемелік құралдар (Жалюзи, Лайк) тақырыпты тереңірек түсінуге септігін тигізді. Сабақ өз мақсатына жетті
Жаңалықтар





