Мектебімізде «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Досбол Laik» жобасын іске асыру мақсатында 8 «Ә» сыныбының ұйымдастыруымен «Бәрі де ана бір өзіңнен басталады» тақырыбында тағылымды тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараға 7, 8, 9 және 10 сынып оқушылары қатысып, достық, сыйластық, адамгершілік құндылықтары туралы ойларын ортаға салды. Оқушылар бірлік пен татулықтың маңызын түсініп, әр адамның бойындағы жақсы қасиеттер қоғамдағы игі өзгерістердің бастауына айналатынын ерекше атап өтті.
Мағыналы кездесуді ұйымдастыруға тәлімгер Төлеген Фарида, ұйымдастырушы педагог және 8 «Ә» сынып жетекшісі Нажмаддинова Назира белсенді атсалысып, оқушыларға рухани бағыт-бағдар беретін мазмұнды шара өткізді.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойында жауапкершілік, сыйластық және ізгілік қасиеттерін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.





