Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Әдебиет әлемі» байқауы

«Әдебиет әлемі» байқауы

Тағы да бір қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді!

Аудандық «Әдебиет әлемі» байқауының

«Көңіл сазы» музыкалық өнер аясы бағыты бойынша өткен тартысты додада

ұстазымыз, өнерлі де өнегелі жан

Нажмаддинова Назира апайымыз жоғары шеберлігін көрсетіп,

жүлделі 2-орынды иеленді!

Бұл жетістік – талмай еңбектің, шығармашылық ізденістің және өнерге деген шынайы сүйіспеншіліктің нәтижесі. Назира апайымыз әрқашан өз ісіне жауапкершілікпен қарап, шәкірттеріне де үлгі болып келе жатқан білікті ұстаз екені баршаға мәлім.

Осындай биік белестерді бағындырып, мектебіміздің мерейін асқақтатып жүрген апайымызға алғысымыз шексіз!

Алдағы уақытта да алар асуларыңыз көп болсын, шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

Мектебіміздің абыройын көтеріп жүрген ұстаздарымыз аман болсын!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2159049681522563&set=a.812989832795228&__cft__[0]=AZb0sXYwcanknORHSrHkPCQxkULfOJSP0pvhbeFZjfO8aIErkJrF5yNMbWQ0k707MPApiAgi5hnRut7EKONTXsAkSNVfZs_yfHlbI1T1PPs7AFAMeQGg17kzGLVAB93LD1s&__tn__=EH-R