Отырар жалпы орта мектебі "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы "Даналық клубы" жоспарына сай тәлімгер Ф.Төлеген, кәсіби бағдар беруші педагог Ж.Абуова, педагог-ұйымдастырушы Г. Әлімбекованың ұйымдастыруымен "Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің бастауы" атты тәрбиелік-танымдық сайысы өтілді. Мақсаты: қазақтың көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін оқушы бойында қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту. Ұлттық тәрбие алған ұрпақтың дені сау болуына, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор болуға, адамгершілікке тәрбиелеу. 7 сынып оқушыларымен бірге өткен сайысымыз 4 кезеңнен тұрды. "Сәлемдесу", "Дәстүріңді сақтай біл" кезеңінде "Бесікке салу", Тұсаукесер", Қырқынан шығару" дәстүрлерін оқушылар жақсы айта білді, "Мақал-сөздің мәйегі" кезеңінде нақыл сөздермен жарысты, "Қазақтың ырым-тиымдары" атты кезеңдерде ырым-тиымдарға қатысты сұрақтар қойылып жауап берілді. Әділқазылар алқасы оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, жүлделі 1,2,3 орын Марапаттау қағаздарын тапсырды. Дәстүр, салт қашанда адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп отырады. Сондықтан ұлттық тәрбие - ел болашағы.
Все реакции:
5Вы, Нурсауле Маябас, Жанболат Оспанов и ещё 2