Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Дәстүрімнің балқаймағы» әжелер сайысы.

«Дәстүрімнің балқаймағы» әжелер сайысы.

🔰«Дәстүрімнің балқаймағы» әжелер сайысы.

✅19.03.2025 ж. күні – Ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу және отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Дәстүрімнің балқаймағы» атты әжелер сайысы өтті.

✅Сайысқа қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, ұлттық тағамдар әзірлеп таныстырды. Әжелеріміздің әрқайсысы өз бойындағы ерекше қасиеттерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

✅Бұл сайыс – тек жарыс қана емес, сондай-ақ, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын, ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын тағылымды шара болды.

әжелер сайысы1 әжелер сайысы 2