"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ҚАҒИДАСЫ
"Отырар"жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 19- ші қыркүйек күні әлеуметтік педагог Одаман Күланмен мектеп медбикесі Ағмахан Дананың ұйымдастыруымен ыстық тамақ ішетін оқушыларға "Дұрыс тамақтану қағидасы" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты:
1. Ыстық тамақ ішетін оқушылар тізіміне жаңадан қосылған оқушыларға мектеп асханасында тамақтану әдебі мен қағидалары туралы түсінік беру;
2. Оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру;
3. Ыстық тамақ ішіп жүрген оқушылардан кері байланыс алып, анықталған олқылықтар бойынша жұмыстар жүргізу.
Оқушылар түсіндірме жұмыстары барысында, үнемі дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы мол екені, сонымен қатар ыстық тамаққа кешікпей келу, мектеп асханасында өзін-өзі ұстау мәдениеті жайында біршама мәліметтер алды.
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі!