"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде 02.04.2026 жылы
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Лайықова Әйгерім Асқарқызы 7-сынып оқушыларымен заманауи әдіс-тәсілдер мен жасанды интеллект платформаларын тиімді қолдана отырып, қызықты әрі нәтижелі сабақ өткізді
Үй тапсырмасы Interacty жасанды интеллект жүйесі арқылы “Spin” әдісімен сұралды. Бұл тәсіл оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына зор ықпал етті
Жаңа тақырып Brainstorming әдісі арқылы ашылып, оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылықпен жұмыс жасады
Сабақ барысында Plickers, Canva, Interacty сияқты заманауи цифрлық платформалар қолданылып, оқу үдерісі интерактивті әрі тартымды форматта өтті
Сабақ соңында кеспе қағаздар мен суреттер арқылы оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі қорытындыланып, білімдері бекітілді
Білім мен технологияны ұштастырған бұл сабақ оқушылар үшін өте қызықты, пайдалы әрі есте қаларлықтай болды
#ЛайықоваӘйгерімАсқарқызы #7сынып #ЗаманауиСабақ #ЖИ #Interacty #Canva #Plickers #ҰстазЕңбегі #ШығармашылықСабақ





