«Біз нашақорлыққа қарсымыз!»
Мектебімізде 5-10 сынып оқушылары арасында нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты қабырға газеттері шығарылды.
Әр сынып өз шығармашылық жұмыстарын, салған суреттерін және ой-тұжырымдарын ұсынды. Оқушылар өз қолдарымен бейнелеген суреттер арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, нашақорлыққа қарсы көзқарастарын білдірді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында теріс әдеттерге қарсы иммунитет қалыптастыру және жауапкершілік сезімін арттыру.





