Бүгін аудан көлемінде ұйымдастырылған «Әбіш оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға мектебімізден қатысқан оқушыларымыз өз білімдері мен өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Қуаныштысы – байқауға барған 4 оқушымыздың барлығы да жүлделі орындармен оралды. Бұл – шәкірттеріміздің талпынысы мен ұстаздарының еңбегінің жемісі.
Жас дарындарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, тек жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз.





