"Отырар жалпы білім беретін мектеп" кмм "Біртұтас тәрбие" бағдарламасына сай тәлімгер Ф.Төлеген, педагог-ұйымдастырушы Г. Әлімбекованың ұйымдастыруымен 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Бейбітшілік - ел тірегі" атты мерекелік іс-шарасы өтілді. Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы - еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шарада түрлі ұлттардың әндері мен билері орындалып, өзге ұлттардың тілінде өлең-жырлары айтылды. Сонымен қатар бұл мерекенің Қазақстанда тойланып келу тарихымен таныстырып өтті. Мерекеге сай қолөнер бұйымдары көрмесі таныстырылды. Бұл кеш тәлімі мол, жас ұрпаққа берер тәрбиелік танымдық іс-шара болды. "Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды" деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне үлес қоса берейік.