Түркістан облысы Отырар ауданы "Отырар жалпы білім беретін мектеп" ЖББМ мектеп кітапханашысы Х.Жылқыбаева мен "Тіл дамыту" үйірме жетекшісі Г.Мақұлбекованың ұйымдастыруымен 23 сәуір Ұлттық кітап күніне орай "Бірге оқимыз" тақырыбында 3-4 сынып оқушылары арасында "КітапХан@" кітап оқу сайысы өткізілді.
Мақсаты:Оқушылардың Кітап оқуға қызығушылығын ояту. Кітап оқуға қолдау көрсету, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, халық ертегілерінің ең үздік туындыларын насихаттау. Сайысқа 9 оқушы қатысты. Сайыс 2 кезеңнен тұрды: 1. "Мен оқыған кітап" кезеңінде оқыған кітаптарын талдайды. 2. "Серпілген сауал" кезеңінде екі топ бір біріне сұрақтар қояды. Ы.Алтынсариннің "Таза бұлақ", "Жаман жолдас" әңгімелері, "Бір үзім нан", "Түлкі мен тырна", "Алтын балта", "Ақбас торғай" ертегілерін оқушылар талдап айта білді. Әділқазылар алқасы сараптай келе 1-орынды 4 сынпып оқушысы Кәдірбек Райымбек иеленді. 2орынды 4 сынып оқушылары Бақытжан Аймерей мен Жұмабек Ұлданай иеленді.3 орынды 3сынып оқушылары Алдаберген Бірханым, Сәрсенбекқызы Айерке, Тасболат Назым алды. Қатысқан оқушылар Мадақтама қағазымен марапатталды. Кітап сүйер оқырмандарымыз көбейе берсін.