Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Бір тал кессең, он тал ек»

«Бір тал кессең, он тал ек»

«Бір тал кессең, он тал ек» деген дана сөзді ұстана отырып, Наурыз мейрамына орай мектебімізде ағаш отырғызу шарасы өткізілді. Бұл іс-шара табиғатты қорғауға, экологиялық сана мен жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Отырар жалпы білім беретін мектебінің директоры Оспанов Жанболат ағай, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Асилбеков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абишов, шаруашылық меңгеруші А.Жакипов мырзалар және оқушылар мен мұғалімдер осы шараға

бірлесіп 65 түп жеміс ағаштарын отырғызып, өздерінің үлестерін қосты. Наурыз мерекесінің шеңберінде ұйымдастырылған бұл шара мектеп ұжымының табиғатқа деген құрметін, бірлігін және ұрпақ сабақтастығын көрсетеді.

Бір тал кессең он тал ек Бір тал кессең он тал ек 1 

Бір тал кессең он тал ек 2 Бір тал кессең он тал ек 3