Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткен тағылымды кеш

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткен тағылымды кеш

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткен тағылымды кеш

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Отырар" жалпы білім беретін мектебінде «Бір ел – бір кітап 2025» акциясы аясында "Өзін- өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сөз зергері Тәкен Әлімқұловқа арналған «Қазақ әдебиетінің хас шебері» атты әдеби кеш өтті.

Кеш барысында оқушылар жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысып, оның ұлттық құндылықтарды дәріптеген туындыларынан үзінділер оқыды. Сондай-ақ, оқушылар арасында шығармашылық жұмыстар, пікірталас және әдеби оқылымдар оқылып, оқушылар күмбірлете күй шертті.

Тәкен Әлімқұловтың ұлт руханиятына қосқан мол үлесі дәріптеліп, жас ұрпақты кітап оқуға, әдебиетке жақын болуға үндейтін әсерлі кеш болып өтті.

Осындай тағылымы мол шараларды ұйымдастырған Өзін өзі басқару ұйымына және белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2045207796240086&set=pcb.2045208076240058&__cft__[0]=AZVPIgQf9y6f7spfUWmmKpO_7w9Kl3Jc4UllZXTgGtNAX16RljG9eZVH-h2biLdP8hmjVWionz7zjaP-x8SD_8-OMgiJ9ePWUL8Pl0EFbZvxiFOHmOkrYA08Lch4mg_bKq-QTmGfE1UKcmc-7K_QDQinszcICmH9HEiArggzansk2Q&__tn__=*b0H-R