7 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі: Балтабаева Шынар «Билер сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағаттың мақсаты: шешендік сөздер арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын, шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге, әділ, бауырмал болуға тәрбиелеу;
Оқушыларды ұйымшылдыққа, татулыққа баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында Уәлихан Зәмира «Бозторғай», «Балапан қаз» әндерән айтты. Дүйсенбай Бекасыл «Менің ағам» әнін айтты. Сабыр Айзере «Отан» әнін айтты. Әуелбек Айдана мен Жұмабек Ырысты Тәуелсіздік күніне арнап «Қазақтың қызы» әнінін айтты.
Тәрбие сағаты барысында 2 көрініс көрсетілді. Хормен Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні сомдалды. 2 қазақша би биленіп, 1 ұлттық «РУХ» флешмобы орындалды.
Тәрбие сағыт барысында оқушылар Томан би, Жанқұтты би, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Бапан би, Торайғыр би, Ескелді би, Мөңке би, Майқы би, Шығырай шешен, Тоқсан би, Тайкелтір би, Бала би, Бекболат би, Саққұлақ шешен, Құрмысы би, Байдалы би, Сырым шешен, Бөлтірік шешен, Бекайдар би және т.б. би,- шешендердің айтқан сөздерін жатқа мәнелеп айтты.





