08.04.2025күні «Отырар» жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік жоспарға сәйкес "Балдырған" бастауыш сынып пән әдіс бірлестігінің «Бастауыш білім беруде -Жасанды интеллект элементтерін тиімді қолдану » тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу кезеңі азанғы алғашқы сабаққа келу кезінде ұстаздарды күтіп алып, Мақалдың жалғасын табу, жұмбақты шешу, жаңылытпашты қателеспей айту секілді ойын түрлерімен қарсы алу өте жақсы көңіл сыйлай алды, Мектеп АКТ залында айлық шараның ашылуына арналған арнайы іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында тартымды түрлі ойындар, қызықты тапсырмалар орындалды. Оқушылардың орындауындағы ән-би шашулары шараның жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қоса білді.Айлық кезеңінде өтілетін ашық сабақтарда,тәрбие сағаттарында,сыныптан тыс жұмыстарда,«Ұшқыр ой » алаңы бұрышындағы логикалық тапсырмалар орындау барысында оқушыларды білімді де белсенді болуға шақырды. Шараны ұйымдастырған Бастауыш сынып мұғалімдеріне шығармашылық табыстар тілейміз!
Все реакции:
31Вы, Назира Нажмажддинова, Зиягуль Сагиндикова и ещё 28