Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Баланың интернетке тәуелділігін қалай алдын аламыз?

Баланың интернетке тәуелділігін қалай алдын аламыз?

Баланың интернетке тәуелділігін қалай алдын аламыз?» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Түркістан облысы білім басқармасының «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің 2025–2026 оқу жылына арналған №503 (06.02.2026ж) жұмыс жоспарына сәйкес, К.Янгтың интернетке тәуелділік деңгейін анықтау және оның алдын алу мақсатында мектебімізде педагог психолог Б.Абдрахимов пен әлеуметтік педагог К.Одаманның ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

Жиналыстың мақсаты – оқушылардың интернетті саналы әрі қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастыру, интернетке тәуелділіктің алдын алу және ата-аналардың цифрлық тәрбиедегі рөлін күшейту.

Жиын барысында интернетке тәуелділіктің психологиялық белгілері мен салдары, баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту, сондай-ақ ата-аналардың балалардың интернет қолдануын дұрыс бағытта ұйымдастыруы бойынша маңызды кеңестер берілді.

Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершіліктің маңыздылығын түсінді.

Бала қауіпсіздігі – басты назарда. Болашақ ұрпақтың саналы әрі қауіпсіз ортада өсуі үшін мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы әрқашан маңызды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2106624403431758&set=pcb.2106624730098392&__cft__[0]=AZbY24KbMuumQJS28TS56sv1IaQtW9kjNc6U97oYquQUBqEjBu91H6da0U3CeilNLAtDmypz8wXiW8ZERgPYobEEWO79O6Sbo0l_fqWFs0I6-ZAR05kFhUb6WykkVSvtT12zMofoeH1_xIQC_36cIyS05Jg8aLHLB1SYgUFaehbbp6rMnqc6hCEfhRgu1X1ppbQ&__tn__=*b0H-R